Тапсырманы импорттау

Топтық тапсырмалар мен арнайы құрылғыларға арналған тапсырмаларды импорттай аласыз. Басқару серверінің тапсырмалары импорттау үшін қолжетімді емес.

Тапсырманы импорттау үшін:

  1. Тапсырманы импорттау қажет тапсырмалар тізімін таңдаңыз:
    • Егер сіз тапсырманы топтық тапсырмалар тізіміне импорттағыңыз келсе, сізге қажет басқару тобының жұмыс аймағында Тапсырмалар қойыншасын таңдаңыз.
    • Егер сіз тапсырманы арнайы құрылғыларға арналған тапсырмалар тізіміне импорттағыңыз келсе, консоль ағашында Тапсырмалар қалтасын таңдаңыз.
  2. Тапсырманы импорттаудың келесі тәсілдерінің бірін таңдаңыз:
    • Тапсырмалар тізімінің контекстік мәзірінде Барлық тапсырмалар → Импорттау тармағын таңдаңыз.
    • Тапсырмалар тізімін басқару блогындағы Тапсырманы файлдан импорттау сілтемесі арқылы.
  3. Ашылған терезеде тапсырманы импорттағыңыз келетін файлдың жолын көрсетіңіз.
  4. Ашу түймесін басыңыз.

Нәтижесінде, импортталған тапсырма тапсырмалар тізімінде көрсетіледі.

Импортталған жаңа тапсырманың атауы бұрыннан бар тапсырманың атауымен бірдей болса, импортталған тапсырманың атауы түр (<реттік нөмір>), мысалы: (1), (2) жалғауы көмегімен кеңейтіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу